Қызылордалық полицейлер үшін психологиялық тренинг өткізілді
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері әр кез қоғамдық орында халықтың тыныштығын сақтау, сонымен қатар қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында күндіз-түні күшейтілген кезекшілікте қызмет атқарады .
Осындай уақытта қызметкерлерімізге үнемі психологиялық қолдау көрсетуге дайын тұратын департаменттің психологтары патрульдік полиция батальонының жеке құрамына қаңтар айының 10 күні психологиялық тренинг өткізді.
Психологиялық қолдау тренингінің мақсаты: қызметкерлерге дер кезінде психологиялық денсаулығына көмек беру, бір-біріне деген сенімділік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру, психологиялық қолдау көрсету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыру, қызметкерлер арасында психологиялық ахуал қалыптастыру болып табылады.
Себебі, қызмет атқару барысында кездестіретін әр-түрлі оқиға басындағы адамның психологиясына тікелей әсер ететін сан түрлі негативті, жағымсыз ситуациялық жағдайлар болып тұратыны белгілі. Күнделікті басынан өткеретін осындай жағдайлар, полиция қызметкерінің психикасына әсер ететіні сөзсіз.
Психокоррекциялық және релакциялық жұмыстарда қызметкерлердің өздерін еркін ұстауға әртүрлі тақырыпта жаттығулар ұйымдастырылып, сонымен қатар тренинг уақытында тынығуға жағдай жасалды.