Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Тәуелсіздік күнін салтанатты түрде атап өтті

ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Тәуелсіздік күнін салтанатты түрде атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен “16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні” мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Жиынға департамент басшылығы, ҚАЖ саласының ардагерлері, Тұңғыш Президенттен сұхбат алған, дипломат-журналист Ержан Уәйіс, Дін істер басқармасының қызметкерлері, журналистер, өзге сала қызметкерлері мен жеке құрам қатысты.

Шара барысында департамент бастығы Шаймерден Есенкелдиев құттықтау сөз сөйлеп, жиналғандарды еліміздің басты мемлекеттік мерекесімен құттықтады.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуына белсене үлес қосқаны үшін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы Ш. Есенкелдиев, ҚАЖД Жедел тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Ғ. Қонысбекұлы, ЗК-169/4 мекемесінің жедел бөлімінің аға жедел уәкілі Ә. Рахманов «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен және ЗК-169/1,ЗК-169/5 мекемесінің медицина бөлімінің қызметкерлері А. Егізбаева, А. Назарова «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

Сондай-ақ, ҚР Ішкі істер министрі  Е.Тұрғымбаевтың және ҚАЖ комитеті төрағасының бұйрығымен өз қызметтік міндеттерін адал атқарып, жақсы жетістіктерге қол жеткізген бірқатар қызметкерлер марапатталды. Сонымен қоса департамент бастығы Ш. Есенкелдиевтің бұйрығымен 100 -ден астам ҚАЖ қызметкерлері марапатталды.

Бұдан бөлек, департамент бастығы қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін Дін істер басқармасының қызметкерлері мен журналистерді және ҚР Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің қызметкерлерін марапаттады. Салтанатты шарада сала ардагерлерін де марапаттап, иықтарына шапан жапты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру