Қызылордалық ұры интернет-банкинг арқылы көршісін тақырға отырғызған
Қызылордалық қаскүнем зейнеткердің аңғалдығын пайдаланып, интернет-банкинг арқылы оның ақшасын өз шотына аударып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 65 жастағы қала тұрғыны арызданды.
Ол өз арызында көршісі болып табылатын 27 жастағы азаматтың оның аңғалдығын пайдаланып, интернет – банкинг арқылы өзінің есепшотына 304 000 теңге қаражатын аударып алғанын көрсеткен.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Қызылорда қаласының Полиция басқармасы қала тұрғындарынан қырағы және сақ болуды сұрайды.