Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда есірткі сату жаңа форматқа көшкен

Алматы полицейлері есірткі сатудың жаңа форматы туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 – Өзекті мәселелердің бірі – синтетикалық есірткіні тікелей байланыссыз, ғаламтор арқылы электронды төлемдер алу тәсілімен сату тенденциясы.  Қылмыстың бұл түрін, әдетте, бір адам емес, топ жасайды, әр қатысушының міндеті нақты белгіленеді.  Осылайша, біз қылмыстың ұйымдасқан түрімен айналысамыз.  Өткен жылы біздің бөлімнің қызметкерлері “Киви-әмиян” қолданып “гашиш” сатқан бір топ адамға қатысты жедел әзірлеме жүргізді, нәтижесінде бес адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және оның құрамында қылмыстық іс-әрекеттермен айналысқандары дәлелденді.  Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы 17 жылға, ұйымдасқан қылмыстық топтың қалған төрт мүшесі 16 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп атап өтті Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 2020 жылы синтетикалық есірткіні әрі қарай сату үшін Ресей Федерациясынан курьерлік қызмет арқылы тасымалдаудың тоғыз дерегі анықталған.

 – Талғар ауданында екі жас жігіт есірткі зертханасын ұйымдастырып, синтетикалық есірткі өндірісі үшін Ресей Федерациясының логистикалық компаниясы арқылы түрлі компоненттер алған.  Тінту кезінде олардан шамамен 80 келі түрлі қышқылдар, сондай-ақ, жалпы салмағы 25 келі сатуға дайын “скорость” есірткі заты тәркіленді.  Бұл өнімнің қара нарықтағы бағасы 350 миллион теңгені құрайды.  Сонымен қатар, халықаралық логистикалық компания арқылы Нұр-Сұлтан және Өскемен қалаларына есірткі өнімдерін жеткізудің ішкі арнасын тоқтату іс-шарасы жүргізілді, – деп қорытындылады ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру