Қызылордалық ұры өрістегі малды қолды қылған
Қызылордалық полицейлер сиыр ұрлаған ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 қаңтар күні Шиелі ауданы Көк-шоқы елді мекенінің тұрғыны өрісте жайылымда жүрген сиырының 15-16 қаңтар аралығында жоғалып кетіп, осы күнге дейін табылмағаны туралы арызданды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында аудан полицейлері аталған мал ұрлығын жасаған бұрын сотты болған 34 жастағы облыс тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті кінәсін мойындады. Ұрланған сиыр алынып, жәбірленушіге қайтарылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабымен (Мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.