Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыр өңірінде сотталған азаматтар қоғамдық жұмыстар атқаруда

Қызылорда облысы Шиелі ауданының пробация қызметінің есебіне алынған азаматтар қоғамдық жұмыстарды атқару арқылы жазаларын өтеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД Шиелі аудандық пробация қызметінің есебінде 83 азамат бар. Бұл азаматтардың басым көпшілігіне  сот үкімімен бас бостандығын шектеу жазасымен бірге  жылына 100 сағатқа дейін мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы белгіленген.

 – Пробация қызметінің есебіндегі бас бостандығын шектеу жазасына сотталған 83 азаматтың 37-сіне шектеумен бірге 100 сағаттық мәжбүрлі еңбек тағайындалған. Қазіргі таңда үш азамат Шиелі кентінің әкімшілігі белгілеген орындарда көше тазалауға тартылып, күнделікті төрт сағаттан аспайтын уақыт аралығында үкім бойынша тағайындалған міндеттерін атқаруда,- деді аудандық пробация қызметінің бастығы Қайрат Байгенжеев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру