Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық жедел уәкілдер бұзақылық жасаған күдіктіні ұстады

Қызылордалық жедел уәкілдер бұзақылық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 29 қараша күні сағат 19:00 шамасында қала аумағында, Ы.Жақаев көшесінде болған. Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге бейтаныс азаматтар келіп, сөйлесу барысында өзара жанжалдасқан.​ Бейтаныс адамдардың бірі екі жасөспірімді өткір затпен жарақаттап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жәбірленушілерге медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды.

​Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы күдіктінің жеке басын анықтап, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бұрын соттылығы бар 19 жастағы азамат ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігімен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Аталған баптың санкциясымен күдіктіге қатысты үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру