Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері ЖКО орнынан қашып кеткен жүргізушіні анықтады

Алматы полицейлері ЖКО орнынан қашып кеткен жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қорғау – Қауіпті жүргізуші” автоматтандырылған кешені заңға қайшы әрекет жасаған жүргізушіні анықтады.

– “Буран-022” патрульдік экипажы дабылға бірінші болып жауап берді. Жол-көлік оқиғасы Абай даңғылында болған. Сол жерде Toyota мен Chevrolet соқтығысты. Алайда Toyota жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Жеке құрам аталған көлікті ұстауға жұмылдырылды. Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші жол-көлік оқиғасы бойынша қызметтік тергеуге тартылды, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру