Қызылордалықты ұрып-соққан ер адам сотталды
Қызылордалықты ұрып-соққан ер адам сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
2021 жылдың 17 желтоқсанында Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қаладағы сауда үйлердің бірінде ер азаматтар арасында жанжал орын алғандығы жөнінде хабарлама түсті.
Жүргізілген тексеру барысында дүкенінің ішінде күдікті жәбірленушінің мұрын тұсынан бірнеше мәрте өзінің жұдырығының физикалық күшімен соққы жасап, оқиға болған жерден бой тасалап кеткендігі анықталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, оның іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 107-бабының 1-бөлімен сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабының сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.
Қызылорда қалалық №2 сотының 29.07.2022 жылғы үкімі негізінде айыпталушыға түпкілікті 1 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.