Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалықтың қалтасынан «марихуана» есірткісі табылды

Қызылордалықтың қалтасынан «марихуана» есірткісі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға қараша айында орын алған. Күдікті Қызылорда қалалық ПБ-ның Жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен жүргізілген «Қару» рейдтік іс-шарасы барысында қолға түсті.

Полиция қызметкерлерін көріп, қаша жөнелген ер адам өзінің қылмыстық іс-әрекетін жасырмақ болған.

Тексеру кезінде шалбарының артқы оң жақ қалтасынан газет қиындысына оралған өзіне тән ерекше иісі бар жасыл түсті есірткі затына ұқсас шөп табылды. Сараптама қорытындысы бұны «марихуана» есірткі заты екендігін бекіткен. 

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру