Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемендік өз үйінде есірткі сақтаған

Өскемен қаласының тұрғыны өз үйінде есірткі сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қараша айының басында жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлеріне Өскемен қаласының тұрғыны өзінде есірткі заттарын сақтайтыны туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Осы сигналды тексеру барысында тәртіп сақшылары облыс орталығының 45 жастағы тұрғынын ұстады, оның тұрғылықты тұратын жеріндегі сарайды кідіріссіз тінту барысында мөлдір целлофан пакетіне салынған ерекше иісі бар қара-қоңыр түсті зат табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 211,95 грамм “кептірілген марихуана” есірткі заты болып табылды.

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігіне сәйкес ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз сақтау, тасымалдау  бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Осы баптың санкциясы елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру