Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Расталмаған ақпарат таратқан тұрғын анықталды

Коронавирус инфекциясының таралуы туралы расталмаған ақпаратты таратқаны үшін Ақтөбе облысының Темір ауданының 50 жастағы жергілікті тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Полиция қызметкерлері аудан тұрғындарын әбігерге салған ақпарат таратушыны ұстады.
Темір ауданы Шұбарқұдық кентінің 50 жастағы Б. есімді тұрғыны Whatsapp мессенджері арқылы «Пойызда коронавируспен ауырған жолаушылар бар. Оларды қазір Шұбарға келгенде пойызда түсіріп, мектеп интернатына орналастырады» деген аудио жазба жіберген. Жалған ақпарат
таратушы анықталып, жауап алу кезінде ол өзінің іс – әрекетін дұрыс емес  екендігін мойындап, өкінетінін айтқан.
Аталған факті бойынша Темір ауданы полиция бөлімшесімен құқық бұзушы
азаматшаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабында көрсетілген (төтенше жағдай жарияланған жерде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жасаған) үшін 106 040 (бір жүз алты мың қырық) теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Темір ауданы ПБ расталмаған ақпарат таратаушыларға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын ескерте отырып, азаматтарды жалған ақпаттар таратудан сақ болуға шақырады. Шындыққа жанаспайтын, арандатушы іс-әрекеттегі ақпараттың таралуына жол бермеу бағытындағы ескерту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру