Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дәмхана мен дүкен иелері ТЖ режиміне жауапсыз қарайды


Ақтөбе облысында төтенше жағдай режимінде 74 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Тәртіп бұзушылардың дені — дәмханалар мен дүкен иелері. Олар белгіленген мерзімнен кейін жұмыс істейді (22:00 сағат), бетперделік режимін сақтамайды немесе салтанатты іс-шараларды өткізеді.
Жақында Қарғалы ауылындағы демалыс базаларының бірі тыйым салынғанына қарамастан той ұйымдастырды. Мекеме иесіне 26500 теңге айыппұл салынды.
Барлық тәртіп бұзушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Анықталған 74 бұзушылықтардың сегізі қамауға алынды, 32-сіне айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру