Кәсіпкерлер ТЖ режимін сақтауға құлықсыз
ТЖ кезінде ҚР ІІМ Қызылорда облысы Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің жеке құрамымен де біршама жұмыстар атқарылып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі қызметкерлері Қармақшы ауданының СЭС және Төретам кенті, Ақай ауылдық округінің әкімшілігі қызметкерлерімен бірлесе отырып, азаматтардың арасында киім-кешек базарлары мен сауда орталықтарының уақытын сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін шектеу туралы, сондай-ақ мейрамханаларды белгілі бір уақытта жабу
туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізілді.
Дегенмен, жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстарына қарамастан, көңіл көтеру орындарының иелері ерекше режимді бұзуды жалғастырып жатыр.
Өткен демалыс күндері 28 наурыз күні сағат 22:20-де Төретам кентіндегі кафе келушілерді қабылдаған. Сол күні сағат 22:30-да компьютерлік клуб және 29 наурызда сағат 09:20-да құрылыс дүкені де шектеу шаралары кезінде қызметтерін жүзеге асырған.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған кәсіп иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 6-бөлігіне сәйкес іс құжаттар жинақталып, Қармақшы аудандық сотына шешім қабылдау үшін жолданды.