Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ренжіткен адаммен шатастырған: екі ер адам ақмолалықты ұрып-соқты

Макинск қаласында екі ер адам тұрғынды ұрып-соқты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 20 тамызда Бұланды ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Макинск қаласының 30 жастағы тұрғынынан 2021 жылғы 19 тамызда шамамен сағат 19:00-де оған белгісіз тұлғалар дене жарақатын салғаны туралы арыз келіп түсті. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер күдіктілердің жеке басын анықтады.

Жәбірленуші достарымен бірге пәтерлердің бірінде алкоголь ішкені белгілі болды. Бұл уақытта бөлмеге Макинск қаласының 44 жастағы тұрғыны және оның 24 жастағы ұлы келген. Бұрын осы қараусыз қалған пәтерде күдіктілер басқа жергілікті тұрғындармен жанжал болған. Жәбірленушіні ренжіткен адаммен шатастырып, оған дене жарақатын салған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Келу міндеттемесі» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру