Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ресей тұрғыны СҚО полицейлеріне ризашылығын білдірді

Ресей тұрғыны СҚО полицейлеріне ризашылығын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ресейлік өзінің қыста басынан кешкен оқиғасын баяндап, Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтың атына ризашылығын білдіріп, хат жазыпты. Айтуынша, байланыстағы пробламалар туындағандықтан, бірден хат жазуға мүмкіндік болмаған, одан бөлек күнделікті шаруалары болғандықтан бұл мәселе шегерілген. Бірақ іштей ризашылығы маза бермегендіктен, кеш болса да қайтадан хат жазған.

2020 жылдың желтоқсанында ата-анасымен Жаңа жылды қарсы алу үшін Тайынша қ. жолға шығады. Петропавлға келгеннен кейін карантиндік шектеулерге байланысты авто және теміржол вокзалдары сағат 22.00-ге дейін ғана жұмыс істейтінін білген, Тайыншаға не автобуспен, не поездбен жетуге мүмкіндік болмаған. Содан соң жолаушы Оңтүстік бақылау бекетіне келеді (Петропавлдан Бескөлге қарай шығар жолдағы ЖПББИ бекеті, – деп жазыпты). Келген соң кезекшіліктегі полиция қызметкерлерінен – Асиман Мирзоев пен Руслан Ақматовтан көмек сұрайды.

Хатта: «Ауа температурасы -25 градустан төмен, аязды болды, – делінген. – Полиция қызметкерлері басқа елден келген азаматтың проблемасына бей-жай қарамай, мені жылы жерге кіргізіп, көмектерін аямады. Олардың көмегінің арқасында жолшыбай көлікке мініп, аман-есен әке-шешеме жеттім».

ПД бастығы Марат Төлебаев, әрбір полиция қызметкері қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге бағытталғанын атап өтті.

– Бұл әсіресе учаскелік инспекторларға, патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне және адамдармен күнделікті байланыстағы басқа бөліністерге қатысты, – деп толықтырды облыстық полиция ведомствосының бастығы. – Адамдардың ризашылығы, мейлі күнделікті міндеттерін атқарып жүрген полицейлер жайлы айтылса да, ішкі істер органдарының бұл бағытта дұрыс бағыт ұстанғанының дәлелі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру