Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері теміртаулық альфонсты ұстады

СҚО полицейлері жалған сезімді ермек қылған теміртаулықты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Петропавл қ. ПБ әріптестерімен бірлесіп, айласын асыра бірнеше ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүрген Теміртау қаласының тұрғынын қолға түсірді.

Бұрын сотты болған 34 жастағы ер адам жалғыз басты бикештермен танысып, сеніміне кіріп алған соң 1-2 айдан кейін ыңғайлы сәтті пайдаланып, пәтерде жалғыз қалған кезінде үй иесінің заттарын қолды қылып, тайып тұрғаны үшін күдікті. Мұндай қылмыстар Павлодар, Теміртау, Абай қалаларында жасалған. Альфонс ағымдағы жылғы сәуірден іздеуде болған. Ер адамның Петропавл қаласында болуы ықтимал деген ақпаратты алысымен полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Жалдамалы пәтерлер тексерілді. Олардың бірінде жалғыз басты әйел, ал онымен бірге іздестірудегі ер адам тұрып жатты. Ұсталғанға дейін оны әйел асырап келген.

– Сеніміне кірген ер азаматының өзін басқа атпен таныстырғанын, өз кәсібін іске асырмақ болғанын естіген әйел абдырап қалды, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Пётр Климов. – Қазіргі кезде күдікті іздеу жариялаған бастамашылар – Теміртау қ. ПБ Шығыс полиция бөліміне тапсырылды. Жыл басынан криминалдық полиция қызметкерлерімен облыс бойынша іздеуге жарияланған жеті қылмыскер анықталды. Сонымен қатар, Қарағанды қ. әріптестері үшін – бір және жақын шетелдер үшін – 12 қылмыскер ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру