Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жыл басынан бері мопедтер мен самокатшылардың қатысуымен 29 ЖКО болды

Алматыда жыл басынан бері мопедтер мен самокатшылардың қатысуымен 29 ЖКО болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПД мәліметтері бойынша, арнайы талдау негізінде қалада жол-көлік оқиғалары жиі болатын ең қауіпті 33 аймақты анықтады.

 

– “Vision Zero” бағдарламасы аясында апаттық оқиғаларды азайту үшін қалалық Мобильділік басқармасымен бірге бұл қауіпті аймақтар жаңартылады. Мысалы, сіз байқағаныңыздай, кейбір аймақтар мен қиылыстарда ерекше қызыл, сары, тіпті вафли таңбалары қолданылады. Бұл жүргізушілердің назарын арттыру үшін жасалды, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, спикер соңғы жылдары қаламыздың жолдарында “баламалы көлік” деп аталатындардың көбейіп кеткендігін – мопедтер мен самокаттар пайда болғанын бөлек атап өтті.

– Біздің бақылауымыз бойынша, қалада 2-ден 2,5 мыңға дейін электрсамокатшылар мен мопедистер жүреді. Олардың көпшілігі -жеткізу курьерлері. Жыл басынан бері “баламалы көліктің” қатысуымен 29 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда бір адам қайтыс болды, тағы 29-ы түрлі дене жарақаттарын алды. Осы бағытта біз Әкімдікпен бірге курьерлік компаниялардың басшыларымен кездесу өткіздік, нәтижесінде Жол ережелерін сақтау, сондай-ақ жеткізушілер мен олардың көлік құралдарының есебін жүргізу бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді, – деп қорытындылады Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру