Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда түнгі жарысқұмарларға 1,6 миллион теңге айыппұл салынды

Алматыда түнгі жарысқұмарларға 1,6 миллион теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясының бастығы Қанат Таймерденов шаһарда қауіпті көлік жүргізудің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

– Жастар қауіп төндіріп, қала көшелерінде жарыс ұйымдастырады. Сонымен қатар, олар көліктеріне өзгеріс енгізіп, тыйым салынған жабдықты, оның ішінде түнде қатты дыбыс шығаратын резонаторларды орнатады. Бұл қала тұрғындарының шағымдарына себеп болады. Осындай фактілерді тоқтату мақсатында полицияның алдыңғы шептегі бөлімшелері апта сайын рейдтер өткізеді. Төрт ай ішінде 65 осындай “жол бұзақылары” әкімшілік жолмен жауапқа тартылды. Салынған айыппұл мөлшері 1 миллион 600 мың теңгені құрады. Бұл шаралар жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталғанын атап өткім келеді, – деп қорытындылады Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру