Ресейлік азамат Алматы полицейлеріне алғысын білдірді
Ресейлік азамат Алматы полицейлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ресей Федерациясының азаматы Андрей Павлов Алматы қалалық полиция пепартаментінің басшылығына жолдаған хатында ризашылығын білдірді.
– Медеу аудандық ПБ-ның бастығы Ілияс Өмірсеріковке, сондай-ақ полицей Рүстем Ғалымовқа алғысымды білдіремін. Ол бір тәулікке жетпейтін уақыт ішінде менің заттарымды, құжаттарым мен ақша салынған күртешемді ұрлаған күдіктіні анықтап, ұстады. Кәсібилігіңіз бен түсінігіңіз үшін рақмет. Полицейлердің нақты әрі жедел әрекетінің арқасында құқық бұзушы қолға түсті. Қазақстан полициясында осындай қамқор мамандардың жұмыс істеп жатқанына өте қуаныштымын, – дейді хат авторы.