Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен егде жастағы тұрғынды іздеу жалғасып жатыр

Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен егде жастағы тұрғынды іздеу жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Панфилов ауданында полицейлер, шекарашылар, еріктілер және жергілікті тұрғындар хабар-ошарсыз кеткен 72 жастағы Орынбүбі Мұханованы іздеуді екінші күн жалғастырып жатыр.

Егде жастағы әйел ересек ұлымен бірге Лесновка ауылында тұрады. 13 мамыр күні ол үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, жоғалып кеткен. Зейнеткердің туыстары аудандық полицияға арыз жазғаннан кейін іздеу жұмыстары ұйымдастырылды.

– Қазір хабар-ошарсыз жоғалып кеткен О.Мұханованы жаппай іздестіру шаралары басталды, оған 100-ге жуық адам да қамтылған. Олардың арасында шекара қызметінің әскери қызметшілері, полиция қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындар бар. Іргелес таулы жерлер, иесіз қалған  ғимараттар мен жақын орналасқан елді мекендер қарап шықтық. Іздеу аймағы біртіндеп кеңейіп келеді. Сондай-ақ әйелге қатысты ақпарат өңірдің барлық полиция бөлімшелеріне жолданды, – деді Панфилов ауданының  полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерлан Ерсайынов.

73 жастағы зейтнеркердің үстінде қара түсті күртеше, қоңыр көйлек, жеңіл аяқ киім болған. Бойы 155-160 см, денесі арықша келген.

Қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет болған жағдайда мына телефондарға хабарласуды сұраймыз: 8 7283151202, 8 7787440030 немесе ”102”.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру