Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Режимді бұзған «Бентли» жүргізушісі жауапқа тартылды

Полиция тосқауыл-бекетін елемеген «Бентли» маркалы автокөлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

«Төтенше жағдай режимін бұзу дерегі бойынша 1985 жылғы Х. есімді «Бентли» маркалы автокөлігінің жүргізушісі және 1990 жылғы К. есімді оның жолаушысы анықталды. Олар осы оқиғадан кейін , ҚР ӘҚБК-ның 476-бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,-деп хабарлайды Алматы облысының Полиция департаменті.
Айта кететін жайт, азаматтар өздерінің бұл әрекеттерін әлеуметтік желіге жариялаған. Бұл бейнежазба құқық бұзушылардың кінәсінің толық дәлелі болып табылады.

Іс жүзінде шешім қабылдау үшін екі азаматқа қатысты әкімшілік іс жүргізу материалдары сотқа жіберілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру