Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас боп көлік жүргізген жігіттің құжаты болмай шықты

Түркістан облысында учаскелік полиция инспекторы мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға Сарыағаш ауданында болған. Инспектор А. Тастанбеков жол ережесін бұзған “ВАЗ” автокөлігін байқап қалады. Сол бойда ол қызметтік көлігімен қуып жетіп, тәртіп бұзушының тоқтауын талап еткен. “ВАЗ” мінген жүргізуші көліктен мас боп түскен. Учаскелік инспектор бірден Сарыағаш АПБ-не хабар беріп, патрульдік полиция нарядын шақырады.

Құжаттарды тексеру кезінде тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынның бұрын аудандық соттың шешімімен жүргізуші құқығынан айырылғанын білді. Ол соған қарамай автокөлік жүргізіп жүрген. Медициналық сараптамадан соң оның орташа дәрежеде мас болғаны белгілі болды.

Аталған жайт Сарыағаш АПБ-нің СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 346-бабы “Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болған адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді осындай адамға беру немесе осындай адамды көлік құралын басқаруға жіберу” бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта аталған дерекке байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кету керек, Дарбаза-Сарыағаш тас жолында жиі жол-көлік оқиғалары орын алуда. Учаскелік полиция инспекторы А. Тастанбеков қызметтік міндеттерін күні-түні атқарып, үнемі жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізеді.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын мас күйінде көлікке отырмауға ескертеді, бұл өз өміріңізбен қатар, жолаушылардың да өміріне қауіп төндіреді.
Жолда сақ болыңыз, жылдамдықты асырып, маневр жасау ережелерін бұзбаңыз, қарсы қозғалыс жолағына шықпаңыз, сондай-ақ, ЖҚЕ жақсылап есте сақтаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру