Риддер қаласының тұрғыны дүкенде көкнәр сабағын сақтаған
Риддер қаласының тұрғыны дүкенде көкнәр сабағын сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың қазан айының басында «Қарасора», «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне Риддер қаласының тұрғыны есірткі құралдарын заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жедел уәкілдер дереу ақпаратты тексеруге кірісті.
Ағымдағы жылдың 6 қазанында тінту іс-шараларын жүргізу барысында 73 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі Риддер дүкендерінің бірінен көкнәр сабағы құрамында есірткі заты бар тағамдық көкнәр табылып, тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 30 грамнан асатын көкнәр сабағы есірткі құралы болып табылады.
ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей:
– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша-есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тиісті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл ІІМ-нің басым міндеттерінің бірі болып табылады, осы бағыттағы жұмыс үздіксіз жүргізілуде.