Риддерде көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші анықталды
Риддерде көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Гоголь мен Қонаев көшелерінің қиылысында Риддер қаласы көшелерін патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 55 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Toyota автокөлігін тоқтатқан.
Әңгіме барысында ер адамнан алкогольдің өткір иісі шыққан, бұл медициналық куәландырудан өтуге әкеп соқты. Жүргізушінің «Орташа дәрежедегі» масаң күйде болғаны анықталды. Сондай-ақ, қасқөй 2019 жылдың қазан айында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны және 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.