Сайрам ауданында жергілікті тұрғындар ауылдастарының сөмкесінен ақша ұрлап кеткен ұрыны «ізін суытпай» ұстады
Түркістан облысының полиция қызметкерлері бөтеннің мүлкін ұрлаған бірнеше күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Онда өзінің тұрғын үйінің ауласына мас ер адам кіріп, сөмкесінен 40 мың теңге ақшасын ұрлап, шығып бара жатқанда ұстап алғандығы туралы айтқан. Полиция қызметкерлері хабар алысымен оқиға орнына жедел жетіп, күдіктіні полиция бөліміне жеткізді.
Анықталғандай, ұсталған адам бұрын сотталған Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты. Заттай дәлелдемелер ретінде алынған ақша заңды иелеріне қайтарылды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы және ер адамның басқа ұқсас қылмыстарға қатысылығы анықталуда.
Сол күні Қазығұрт АПБ-нің полицейлері ауылдастарының үйінен екі рет ұрлық жасаған жас әйелді ұстады. Жергілікті тұрғын полиция бөліміне түнде белгісіз біреу үйге кіріп, ұрлық жасауға тырысқаны туралы хабарлаған. Ұры үйдің бәрі ұйықтап жатқанын пайдаланып, анасының бөлмесіне кіріп, 10 мың теңге ақша ұрлағысы келген. Алайда қарт әйел уақытында оянып, баласын көмекке шақырады. Жәбірленушілер күдіктіні ұстап алып, оны оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне тапсырды. Құқық бұзушы жәбірленушілердің көршісі болып шықты. Бұрын сотты болған. Қазіргі уақытта ол өз ісін толығымен мойындаған.
Тергеу барысында әйелдің жәбірленушілердің үйінен екі рет ұрлық жасағаны анықталды. Тамыз айының соңында күдікті көршілердің жатын бөлмесіне кіріп, Әмиянынан 150 мың теңге ұрлап кеткен. Жалпы, күдікті бөтеннің мүлкін ұрлаудың 12 фактісіне қатысы бар екені анықталды. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері өз кезегінде тұрғындарға сақ болуды, өз заттарына қырағы болып, мүліктерін сақтау үшін шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді. Тәртіп сақшылары мүмкіндігінше үйлер мен пәтерлерге бейнебақылау камералары мен Күзет дабылын орнатуға кеңес береді. Сондай-ақ, терезелерге темір торлар мен кіретін есіктерге сенімді құлыптар қою керек.Егер сіз бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға «102» телефоны арқылы хабарласыңыз.