Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полициясы үздік анықтаушыларды анықтады

Алматы облыстық Полиция департаментінде қалалық және аудандық бөлімшелерінде қызмет атқаратын үздік анықтаушылар марапатталды,  – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәжіліс залында сегіз ай жұмыс қорытындысы бойынша ҚР Ішкі істер министрлігінің және облыстық ведомствоның бұйрықтарымен атап өтілген облыстағы үздік анықтаушыларды марапаттау рәсімі өтті.

Анықтау басқармасы бастығының орынбасары Руслан Чарапиев салтанатты түрде қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің 14 анықтаушысына бағалы сыйлықтарды, грамоталар мен алғыс хаттарды табыс етіп, оларға денсаулық, отбасыларына амандық, кәсіби өсу тіледі. Сондай-ақ, өзін-өзі жетілдіру, аналитикалық қабілеттерін дамыту қажеттілігін атап өтіп, кез-келген күрделі істерді ашуға және әрқашан заңның қорғауында болу керек екенін айтты. Басшылық өзінің күнделікті еңбегімен дәлелдемелерді жинау, оларды бекіту, құқық бұзушыларды әшкерелеу, объективті және жан-жақты тергеу бойынша өте маңызды жұмыс бағытын қамтамасыз ететін анықтаушылардың жауапты жұмысының ерекшеліктерін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру