Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері 4 жеңгетайлық фактісін анықтады

Түркістан облысының полицейлері “Стоп-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында төрт жеңгетайлық жайттарын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы аумағында облыстық Полиция департаментінің жедел бөлімдерінің қызметкерлері аудандық полиция бөлімшелерімен бірлесіп “Стоп-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның негізгі мақсаты-заңсыз адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау, жеңгетайлық және басқа да құқықбұзушылық деректерінің жолын кесу.

Түркістан облысы ПД-нің қызметкерлері аталған жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қонақ үйлер мен ойын-сауық орындарын, монша кешендерін және басқа да нысандарды тексерді, себебі онда еңбек және жыныстық пайдалану жайттарын анықтау ықтималдығы жоғары. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жеңгетайлық және притон ұйымдастырып, жезөкшелікпен айналысқан төрт жайтты анықтады.

Мысалы, Қазығұрт ауданында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері “Стоп-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында жеңгетайлықпен айналысты деген болжаммен сауналардың бірінің әкімшісін ұстады. Шымкент қаласының тұрғыны саунада келушілерге интимдік қызмет көрсету үшін жеңіл жүрісті қыздарды сыйақы үшін ұсынған.

Сол күні тәртіп сақшылары Сарыағаш ауданы аумағында тағы бір жеңгетайлық дерегінің жолын кесті. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында КПБ жедел қызметкерлері Сарыағаш АПБ-мен бірлесіп, 8,5 мың теңгеге келуші үшін жеңіл жүрісті қызды шақырған қонақ үйлердің бірінің сауна әкімшісін ұстады.

Қазіргі уақытта аталған жайттар ҚР ҚК 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қолхатта. Заттай дәлелдемелер алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері “Стоп-трафик” шарасы аясында профилактикалық есепке 10 жеңіл жүрісті қыздарды қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру