Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сайрамда күркетауықтарды үптеп кеткен ұры ұсталды

Сайрамда күркетауықтарды үптеп кеткен ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданады. Әйелдің айтуынша, оның ешкім тұрмайтын тұрғын үйінің ауласына белгісіз біреу заңсыз кіріп, қоршауда қамалып тұрған алты бас күркетауығы мен үш бас тауығын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгеге жуық. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.

Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында, ауданның тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобын құрылып, іске кіріседі. Полицейлер барлық қажетті іздестіру шараларын жүзеге асырады.

Нәтижесінде осы ұрлыққа қатысты күдікті ретінде жергілікті тұрғын, жігіт ұсталды.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті ұрлық жасаған үйге досымен бірнеше рет келіп жүріп, арам ойы пайда болған. Содан ешкімге білдіртпестен, бұл үйде адам тұрмайтынын пайдаланып ұрлыққа түскен. Ал, досы жәбірленушінің үйіне қарайлап тұр деп тапсырып кеткен, танысы болып шықты. Ұсталған тұрғынның үйінен ұрланған үй құстары алынып заңды иесіне қайтарылды. Бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға тұрғын үйлері мен қора-жайларын мықтылап бекітіп, мүмкіндігінше бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді. Өздеріңіздің бағалы заттарыңызға абай болып, сақтық шараларын қолдануды ұсынады. Бағалы заттарыңызды, үйлеріңізді қараусыз қалдырмаңыздар.

Егер де, сіз, осы секілді ұрлық жайтының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру