Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері құрбысының мүлкіне қол сұққан күдікті әйелді ұстады

Түркістан облысының полицейлері құрбысының мүлкіне қол сұққан күдікті әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын әйел арызданып келеді. Оның айтуынша үйіне келген танысы жатын бөлмесінде тұрған екі ұялы телефонын сондай-ақ 130 мың теңге ақшасын және басқа да заттарын жасырын түрде жымқырып кеткенін көрсеткен.

Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 400 мың теңге. Аталған жайтты Түлкібас ауданы ПБ қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде сарыағаштық полицейлер ақпарат көздері арқылы тәулік ішінде күдікті әйелді анықтап, бөлімшеге жеткізді.Тергеу барысында анықталғандай, күдікті әйел жәбірленушінің құрбысы, жергілікті тұрғын болып шықты. Жәбірленуші құрбысын үйіне қонаққа шақырған. Содан тәртіп сақшылары екі достың спирттік ішімдік ішкендерін анықтады. Құрбысының сыртқа шығып кеткенін пайдаланып, күдікті әйел ойлаған арам ойын жүзеге асырған. Күдікті деп танылған егде жастағы әйел өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда ұрланған заттар толықтай заңды иесіне қайтарылды. Бүгінгі таңда күдікті әйелге қатысты тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ұялы телефондарыңызға, әмияндарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Қалта ұрыларының көзіне түспес үшін бағалы заттарыңызды көрсетпей, аузы жабық сөмке ішіне салып қойыңыздар деп кеңес береді. Сондықтан полицейлер жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді. Мүліктің кез-келген түріне қырағылықпен және жауапкершілікпен қарағанда ғана, мұндай жағдайларды азайтуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру