Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған жігіт ақтөбелік студенттің телефонын алып кетті

Ақтөбеде өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған жігіт студенттің телефонын алып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қ.ПБ №3 полиция бөлімінің кезекші бөліміне қаладағы колледждердің бірінің кәмелетке толмаған студентінің анасы өтініш білдірді. Өзін полиция қызметкері деп таныстырған белгісіз жігіт әйелдің ұлының ұялы телефонын иемденгенін түсіндірді.

Колледж студенті Уәлиханов көшесінде оған азаматтық киімдегі жігіттің келе жатқанын, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырғанын, темекі шегіп тұрғаны үшін сөгіп, ұялы телефонын алып кеткенін айтты.
Ювеналды полиция тобының қызметкерлері “ізін суытпай” БҚО-ның 21 жастағы тұрғынын ұстады. Ұрланған телефон тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ол үшін мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру