Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сайрамда шетелдік автокөлікті заңдастырып беремін деп тұрғындарды алдаған күдікті ұсталды

Түркістан облысының полицейлері шетелдік автокөлікті заңдастырып беремін деп тұрғындарды алдаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ірі көлемде қаражат беріп, алаяққа алданғаны туралы арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оған белгісіз біреу шетелдік автокөлігін тіркеп, қазақстандық нөмір алуға көмектесемін деп уәде берген. Осы қызметі үшін күдікті аудан тұрғынынан 500 мың теңге алып, көзден ғайып болған.

Аталған жайтты полицейлер бірден ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен Сайрам ауданының тұрғыны ұсталды. Тексеру кезінде күдіктінің тағы бір осыған ұқсас алаяқтыққа қатысы бары белгілі болды. Бұл жолы күдікті жәбірленушіге автокөлігіңізге «әдемі нөмір» рәсімдеп бере аламын деп сендірген. Содан тұрғыннан 300 мың теңге ақша алып, бөтеннің қаражатын өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі уақытта осы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру