Сайрамдық сақшылар 338 қару иесін тексерді
Сайрамдық сақшылар 338 қару иесін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты – қарулар мен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан алу, оларды сатып алу және заңсыз айналымға түсу көздерін анықтау, сондай-ақ қару иелерінің оларды сақтау тәртібін тексеру.
Мәселен, Сайрам аудандық Полиция басқармасының полицейлері аудан аумағында 338 қару иесін тексерді. Олардың ішінде қару сақтау ережесін бұзған сегіз тұрғын анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігі (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) бойынша хаттама толтырды.
Сонымен қатар, рұқсат беру мерзімінің аяқталу фактісі бойынша төрт адамға ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы 1-бөлігімен (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) әкімшілік хаттама түзілді. Бұдан бөлек полиция қызметкерлері 132 мал қора мен 106 жылыжайды тексеріп, иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.