Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Самара-Шымкент» автожолында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тапты

«Самара-Шымкент» автожолында Opel Omega жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 шілдеде сағат 05:05-те Қобда аудандық ПБ кезекші бөліміне «Самара-Шымкент» автожолының 542 шақырымында Қобда ауданы Қиыл кентінің маңында жаяу жүргіншінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Opel Omega автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі «Самара-Шымкент« тас жолымен Батыс Қазақстан облысынан Қобда ауылы бағытында келе жатып, 42 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды.

Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тек шілде айында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 11 ЖКО тіркелді, оның ішінде екеуі қаза тапты, тоғызы жараланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру