Самара-Шымкент автожолында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысынан 5 адам көз жұмды
Самара-Шымкент автожолында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, оқиға орнында бес адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қаңтарда сағат 19:20 шамасында Mercedes-Actros жүк көлігінің жүргізушісі, Өзбекстан Республикасының азаматы Хромтау қаласы жағынан Ақтөбе қаласына қарай Самара-Шымкент автожолының 779 шақырымында Өлке кентінің жанында жолдың тайғақ учаскесіндегі метеорологиялық жағдайды ескермей, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, 34 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Toyota Camry-55 көлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry-55 автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша СДТБТ-де тіркелді.