Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Самара-Шымкент» тас жолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды

Ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында «Самара-Шымкент» тас жолының 624 км-де кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Самара-Шымкент» тасжолында «Ваз-21144» көлігінің 29 жастағв көлік жүргізушісі ауа райының жағдайын ескермей, тайғақ жолда «Ваз-21144» көлік құралы сырғанап кетіп, 54 жастағы Алға ауданының көлік жүргізушісі «Toyota Prado» көлігіне соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ваз-21144» көлігінің жүргізушісі және екі кәмелетке толмаған Қобда аудандық ауруханасына жеткізілді.

«Ваз-21144» көлігінің екі жолаушысы 54 жастағы әйел және бір жасар немересі жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болды.

«Toyota Prado» көлігінің жүргізушісі және екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Олар алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша (ҚР ЖҚЕ бұзғаны үшін) сотқа дейін тергеу амалдары жүргізілуде.

Бір тәулікте облыс аумағында төрт ЖКО орын алды, онда екі адам қаза болып, тоғыз адам жарақаттанды.

Полиция департаменті ескертеді: жолға шығарда қысқы дөңгелекпен қамданып және көліктің техникалық жағдайын тексеріп шығу, сонымен қатар жылдамдықты сақтау қажет. Сонымен қатар, ауа райының жағдайына қарай жол қозғалыс ережесін сақтауды қатаң ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру