Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Самара-Шымкент тас жолындағы жол-көлік оқиғасынан 2 адам көз жұмды

Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тас жолында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға орнында екі адам қаза тапты.

3 мамыр күні сағат 11.30-да «ВАЗ-2105» автомашинасының 33 жастағы жүргізушісі Қызылорда облысының тұрғыны «Самара-Шымкент» автожолымен жүріп келе жатып, «Тұлпар» кемпингінің жанында Қызылорда қаласының тұрғыны, 40 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Камаз» жүк автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен 29 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

ҚР ҚК 345-бабы 4-б. (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақтөбе облысы ПД бастығының айтуынша, ЖКО-ның негізгі себептері – жол қозғалысы ережелерін елемеу, атап айтқанда жылдамдық режимін сақтамау, қарсы қозғалыс жолағына шығу және рөлде ұйықтап кету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру