Самара-Шымкент тас жолындағы жол-көлік оқиғасынан 2 адам көз жұмды
Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тас жолында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға орнында екі адам қаза тапты.
3 мамыр күні сағат 11.30-да “ВАЗ-2105” автомашинасының 33 жастағы жүргізушісі Қызылорда облысының тұрғыны “Самара-Шымкент” автожолымен жүріп келе жатып, “Тұлпар” кемпингінің жанында Қызылорда қаласының тұрғыны, 40 жастағы жүргізушінің басқаруындағы “Камаз” жүк автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен 29 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
ҚР ҚК 345-бабы 4-б. (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақтөбе облысы ПД бастығының айтуынша, ЖКО-ның негізгі себептері – жол қозғалысы ережелерін елемеу, атап айтқанда жылдамдық режимін сақтамау, қарсы қозғалыс жолағына шығу және рөлде ұйықтап кету.