Саран қаласында әйелдің қол сөмкесін тартып алған жігіт ұсталды
Саран қаласында әйелдің қол сөмкесін тартып алған жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 қарашада Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне бір адамды тонап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына Саран қалалық полиция бөлімінің патрульдік полиция взводының жасағы келді.
Жәбірленуші 35 жастағы әйелдің айтуынша, аялдамада болған кезде оған бір азамат жақындаған. Жәбірленушінің қолындағы сөмкені жұлып алып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Әйелдің айтуынша, сөмкесінде қолғап, парфюмерия, пәтер кілті және үш мың теңге болған.
Полицейлер күдіктіні – 22 жастағы жас жігітті ұстады. Ол кінәсін мойындады. Айғақты зат тәркіленді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.