Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында учаскелік инспектор бидай ұрысын ұстады

Ақмола облысында учаскелік инспектор бидай ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қарашада түнгі сағат 03.00-де өзінің әкімшілік учаскесін аралау барысында Бұланды АПБ Никольск ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Саян Жеңісов қылмыс орнында бидай ұрысын ұстады.

Тәртіп сақшысы қаскүнемді өзінің жеңіл көлігінің жүксалғышына бидай салынған қаптарды тиеген сәтте ұстаған. Күдікті 47 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.


Бұдан бұрын ПБ кезекші бөліміне ЖШС директорының арызы келіп түсті. Ер адам 8-9 қараша аралығында Орталық ток қоймасынан белгісіз адам 4 тонна бидай ұрлағанын айтты. Шығын сомасы 500 мың теңгені құрады.

Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабында (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру