Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу рәсімі өтті

Алматыда Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2011 жылдың 12 қарашасы Қазақстан полициясының тарихына қарулы қылмыскердің жолын кескен “Халық хақарманы”  Ғазиз Байтасов Әбдібекұлының қаза болған күні ретінде енді. Гранатамен өзін-өзі жарып жіберген жанкештілерді өз кеудесімен жауып, өзінің өмірін қиып, азаматтарды өлімнен қорғады.

Ғазиз Байтасовтың ерлігіне орай бүгін ПД-де қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Тәртіп сақшылары заманымыздың қаһарманын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Оның ерлігі әрбір полиция қызметкерінің жүрегінде мәңгі сақталады!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру