Саран қаласының тұрғынынан заңсыз сақталған аңшы мылтығы тәркіленді
Саран қаласының тұрғынынан заңсыз сақталған аңшы мылтығы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 маусымда Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне қалаға іргелес ауылдардың бірінің тұрғыны жеке үйінде заңсыз қару-жарақ сақтағаны туралы ақпарат келіп түсті.
«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ақпарат расталды. 35 жастағы ер адам тұратын үйді тексеру кезінде полицейлер қос ұңғылы кесілген аңшы мылтығын тәркіледі.
Сонымен қатар 8 маусымда Қарағанды қаласы ПБ Октябрь полиция бөлімінің қызметкерлері 62 жастағы қаланың тұрғынынан 42 патрон мен 74 дана гильза тауып алып, тәркіледі.
Барлық фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қаруды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.