Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде пробация қызметкерлері COVID-19 вакцинациясы бойынша есепте тұрған адамдарға дәріс өткізді

Семейде пробация қызметкерлері COVID-19 вакцинациясы бойынша есепте тұрған адамдарға дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

КВИ таралуын төмендету мақсатында Семей қаласының Затон аудандық пробация қызметінің қызметкерлері “Жан-Ер” клиникасының пульмонология бөлімшесінің медицина қызметкерімен бірлесіп, халықтың аса осал топтарының жұқтыру және инфекцияның таралу қаупі жоғары адамдары ретінде қоғамнан оқшаулаусыз сотталған адамдарға “Коронавирусқа қарсы вакцинация” тақырыбында дәріс өткізді.

Іс-шара барысында вакцинацияны ұйымдастыру, жүргізу тәртібі және процедураның маңыздылығы, әсіресе әлеуметтік сала қызметкерлері мен тыныс алу жүйесінің аурулары, жүрек-тамыр аурулары, қант диабеті сияқты созылмалы аурулары бар адамдар үшін айтылды.

– Бүкіл әлем бір жылдан астам уақыт пандемия жағдайында өмір сүріп келеді. COVID-19 вакцинациясы – бүгінгі таңда стратегиялық бағыттардың бірі. Пандемияның ұзақ айларында алғаш рет біз елдегі жағдайды тұрақтандырудың нақты тетіктерін, халықты коронавирустық инфекциядан тиімді қорғау және пандемияның жаңа кезеңіне тосқауыл қою мүмкіндігін көріп отырмыз, – деді медицина қызметкері Светлана Александровна.

Айта кетейік, Қазақстанда кез келген вакцинация егілушінің келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстанда вакцинация міндетті емес. ҚР “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодексінің 77-бабына сәйкес әрбір азаматтың кез келген медициналық манипуляциядан, оның ішінде вакцинациядан бас тартуға құқығы бар.

– Осы кездесудің қорытындысы бойынша біз күмәнданушыларды вакцинациялаудың артықшылығына сендіру үшін үлкен жұмыс жүргізуіміз керек деп санаймын. Мұны өздері және айналасындағылар үшін жасау қажет екенін сендіруіміз керек, – деп пробация қызметінің бастығы Жасулан Аринов атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру