Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер 9 миллион теңгені құрайтын мал ұрлығын ашты

Жамбылдық полицейлер тоғыз миллион теңгені құрайтын мал ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл ауданының полиция бөліміне 70 жастағы тұрғын хабарласып, жайылымдағы малы ұрланғанын хабарлады. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар қараусыз жайылып жүрген 15 бас жылқысын алып кеткен.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов аталған дерек бойынша ПД Криминалдық ПБ және Жамбыл АПБ қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылғанын хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлердің кәсібилігінің нәтижесінде Алматы облысында үш күдікті анықталып, ұсталды. 29 және 28 жастағы екі ер адам Жамбыл облысы Байзақ ауданының тұрғындары, 25 жастағы ер адам Жамбыл ауданының тұрғыны. Олар өз кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы сомасы тоғыз миллион теңгені құрады. Полицейлер жылқыларды Алматы облысында тауып, иесіне қайтарып берді.

– Ауыл тұрғындарын қараусыз мал жаюға жол бермеуге шақырамын. Көбінесе мал ұрыларына иесіз мал оңай олжа болып жатады, – деп атап өтті Ж. Сүлейменов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру