Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз жол”: Павлодар автожолдарында жылдамдықты асырған 38 жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодар автожолдарында жылдамдықты асырған 38 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын, оның ішінде жылдамдық режимін бұзумен байланысты оқиғаларды азайту мақсатында 2021 жылғы 2-16 маусым аралығында “Павлодар-Кенжекөл” және “Павлодар-әуежай” автожолдарының учаскесінде мобильді бекеттер қойылды.

– Тек бір апта ішінде Павлодар қаласы мен Павлодар облысы патрульдік полиция бөлімшелерінің нарядтары автожолдың осы учаскелерінде “Бинар” радарларын пайдалана отырып және жол қауіпсіздігін жасырын бақылау арқылы жылдамдық режимін бұзған 38 жүргізушіні анықтады. Сондай-ақ үш жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған, ал 10 жүргізушіде жүргізуші куәлігі болған жоқ. Жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілердің барлығы жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Тәртіп сақшылары ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының полицейлері жылдамдық режимін бұзғаны үшін 20 мыңнан астам жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартқанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру