Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері егістік алқаптан аккумулятор ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Түркістан облысының полицейлері егістік алқаптан аккумулятор ұрлаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші азаматтың айтуынша Отырар ауданына қарасты жайылымдық жердегі үйінің сыртында орналасқан күн сәулесінен қуат алатын құрылғының астында тұратын төрт дана аккумуляторын белгісіз адам жасырын түрде ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 400 мың теңге. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Хабар алысымен полиция қызметкерлері тау-тасқа қарамастан ауыл сыртында орналасқан мал жайылымына жедел жетті. Осылайша орын алған қылмысты ашуға бағытталған барлық іс-шараларды жүргізді. Осындай жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті азамат қолды еткен заттарын сату үстінде ұсталды. Ұрланған аккумуляторлар айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне табысталды. Осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Белгілі болғандай күдікті азаматтың ақын туысы жәбірленушінің жайылымдық жеріне жақын егістік алқапта егін еккен. Күдікті сол жерге барып жүріп, аккумуляторларға көзі түскен. Оңай жолмен ақша табуды көздеп, айналада адамдардың жоқтығын пайдаланып, өзінің басқаруындағы Ваз-2107 көлігіне салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Содан соң өзінің досына аккумуляторларды әлеуметтік желілерге салып, сатып беруін сұраған. Күдіктіні осындай құйтырқы әрекеттері іске аспастан, полиция қызметкерлері бірден қолға түсірді.

Түркістан облысы полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін, сауда орындарына, ғимараттарға, үйлеріңізге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар дүкенді ашық күйде қалдырмай, есік-терезелердің жабылғандығына толық көз жеткізіп алыңыздар. Ұрлық орын алған сәтте, тез арада полицияның 102 телефоны арқылы хабар беріңіздер деп ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру