Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаш ауданында құжатсыз мал тасымалдаған 4 автокөлік иесі анықталды

Түркістан облысының полицейлері құжатсыз мал тасымалдаған төрт автокөлік иесін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлері мал ұрлығының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының ІІМ-нің «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасында» көрсетілген нұсқау талаптарды орындау мақсатында іс-шаралар жүргізуде. Тәртіп сақшыларының осындай тыңғылықты жүргізген шаралары барысында жалпы 18 автокөлік тоқтатылып, тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 4 автокөліктің жүргізушісі жануарларды ешбір құжатсыз тасымалдап жатқаны анықталды.
Онда «Шымкент-Жетісай» тас жолының бойында таңғы сағат 05:00-07:00 аралығында ГАЗ-53 автокөлігінің жүргізушісі бір бас сиыр және бір бас құнан малын құжатсыз тасымалдап, мал базарға алып бара жатқан.
Ал FAW автокөлік иесі алты бас ұсақ малды, Газ 3307 жүргізушісі 3 бас ұсақ малды және Газель басқарушысы 4 бас ұсақ малды құжатсыз тасымалдап, сату мақсатында мал базарға бет алған. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 406 бабымен (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) іс-құжаттар жинақталып, Сарыағаш аудандық ветеринариялық бақылау бөліміне жолданды. 
Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға заңсыз тасымалдаулар, белгіленбеген орындарда малды сою, ен-таңбалары жоқ малдарды саудаға салу деректерін болдырмау мақсатында жұмыстар жалғаса беретінін ескертеді. Сондықтан малды қараусыз жібермей, бақташы жалдауға, уақытылы ен-таңбаларын салдыртып, құжаттандыруға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру