Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп”: Түркістан облысында 16 қылмыс ашылды

Түркістан облысында “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы барысында 16 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті полицейлерімен ағымдағы жылдың 19-23 шілде күндері аралығында Түркістан облысы аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл шараның негізгі мақсаты – қоғамдық орындарда қылмыстарды болдырмау, адам көп шоғырланатын орындарда тәртіпті қадағалау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау мен қылмыскерлерді анықтау, ұстау, ЖҚЕ сақталуын қамтамасыз ету және т.б.

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс шарасы барысында облыс полицейлерімен 16 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 1 қылмыскер ұсталды. Жедел уәкілдермен есірткі затын тасымалдау және сақтау бойынша 2 жайт анықталды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері 800-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді, оның ішінде 88 ұсақ бұзақылық, 78 қоғамдық орында мас күйінде болу жайтын анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иемденуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша төрт әкімшілік хаттама толтырды.

Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында патрульдік полиция қызметкерлерімен автокөлікті мас халде басқарудың 1 дерегі анықталды. Бұл заң бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабымен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 5 жол ережесін бұзушыға және мас күйінде көлік жүргізгені үшін 4 жүргізушіге әкімшілік жауапкершілігін қарастыруда. Көші-қон саласы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша (Шетелдік жұмыс күшін және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып еңбекші көшіп келушілерді тарту) үш тәртіп бұзушыны жауапқа тартты.Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері мұндай іс-шаралар жағдайдың жедел жақсаруына және құқық бұзушылықтардың төмендеуіне оң әсер ететінін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі де жалғасын табады және облыс тұрғындарын оларды өткізуге түсіністікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру