Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде бір күнде 2 ЖКО орын алды

Ақтөбеде бір күнде екі жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселен, 2021 жылдың 21 шілдесінде сағат 16.00 шамасында Мерседес Бенс-200 автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі, қала тұрғыны Жиенбаева көшесі жағынан Ташкент көшесімен жүріп, жол ережесін бұзып, екінші дәрежелі жолдан шыққан кезде көлік құралына жол бермей, 48 жастағы жүргізушінің басқаруындағы DAF автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Мерседес Бенс-200 автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілді.

Бұған дейін, сағат 12-де, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі 35 жастағы жергілікті тұрғын Сәңкібай батыр даңғылының бойымен Бөгенбай батыр көшесі жағынан келе жатып, ҚР ЖҚЕ бұза отырып, кедергі немесе қауіп туындаған кезде көлік құралын толық тоқтатқанға дейін немесе кедергіні қауіпсіз айналып өтуге дейін жылдамдықты төмендету шараларын қолданбай, BMW-730 автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Нәтижесінде әйел жүргізуші Ақтөбе қаласының ЖМЖА-ға жатқызылды.

ЖКО-ға жол бермеу және жақындары мен туыстарының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, Ақтөбе облысының Полиция департаменті әрбір жол қозғалысына қатысушыларға жолда мұқият болуды және жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру