Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық тұрғын Сібір тау елігін атып алған

Түркістан облысының полицейлері Сібір тау елігін атып алып, екі миллион теңгеден астам шығын келтірген күдікті азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-ға мемлекетке қарасты парктердің бірінің қызметкерінен хабар келіп түскен. Онда белгісіз азамат аңшылықпен айналысып, тау жоталарынан Сібір тау елігін атып алғанын туралы көрсетілген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Хабар алысымен Қазығұрт АПБ-ның полиция қызметкерлері оқиға орнына толық құрамда шықты. Аз уақыттың ішінде қылмыс болған жерге тәртіп сақшылары жануарларға зардап келтірушіні оқиға орнынан ұстады.

Полицейлері күдіктінің басқаруындағы Nissan автокөлігін тексеру барысында, көліктің жүк салатын бөлігінен бір дана Сібір тау елігі мен 16 калибрлі аңшы мылтығы анықталып, айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды. Кнелтірілген жалпы шығын көлемі екі миллион теңгеден астам. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Белгілі болғандай күдікті азамат екі досымен бірге табиғат аясына демалу мақсатында келген. Содан соң ол автокөлігіне мініп, таудың ішін аралап келмек болып кеткен. Осы сәтте тау жотасында жүрген Сібір тау елігін көріп, қызыққан. Осылайша оны атып алған.

Өз кезегінде полицейлер азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға кеңес береді. Браконьерлік үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Тәртіп сақшылары тағы да Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан Республикасының табиғатын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру